Жаңалықтар

Жаһандық бастамалар жалғасады

Орталық коммуникациялар қызметінде Еуропалық құқық және адам құқын қорғау сараптамалық институтының директоры Марат Башимов еліміздің Орта Азия аймағында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған алғашқы ел екенін әрі бұл оқиғанын маңыздылығына тоқталды.

Башимов

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайланды. Дауыс беруге қатысқан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 138-і елімізді қолдады. Қалған 55 мемлекет қарсылас ел  Таиландқа дауыс берген.

­– Мұндай жетістікке жетуіміздің басты себебі, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында ұсынған бағдарламалары шешуші рөл атқарды деуге болады. Негізгі ұстанымымыз – ядролық қарусыздандыру, терроризммен күрес және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделінің арқасында және сыртқы дипломатиялық қызметтің табысты жұмысы осындай нәтиже беріп отыр. Қазақстан бұл ретте ғаламдық мәселелерді реттеуге, ядролық қарусыздандыру мен оны таратпау мәселелерін шешуді жалғастыратын болады, – дейді Марат Советұлы.

Айта кеткен жөн, еліміз беделді ұйымға тұрақты емес мүшесі болуға өз кандидатурасын алғаш рет 2010 жылы ұсынған болатын.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button