Елорда тынысы

Жайлы мектеп көбейді

Жыл соңында Астанада тағы 4 жайлы мектеп ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды.

– Тағы 4 жайлы мектеп аштық. Олар Сарайшық, Есіл, Нұра аудандарында орналасқан. Жаңа үлгідегі тағы бір мектепті бір ай ішінде ашамыз. Осылайша, ашылған жайлы мектептердің жалпы саны – 16. Оқу жылының басынан бері барлығы 24 мектеп салдық. Жайлы мектептер Мемлекет басшысының ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Мәселен, «Отау» шағын ауданында (Сарайшық ауданы) мектеп болған жоқ. Балалар басқа оқу орындарына баруға мәжбүр болды. Енді мұнда 4 мың оқушы орнына (екі ауысымды) арналған мектеп ашылды. Бұл мектеп сондай-ақ №63 мектептің шамадан тыс толып кету мәселесін шешеді. Ал Қорғалжын тасжолы, 127 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны тығыздылығы жоғары №90 мектептің қиындығын шешеді, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Елорда әкімінің сөзінше, 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта барлығы 24 мектеп салынады. Олардың 16-сы дайын.

– Жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл оқу орындары қаланың барлық ауданында орналасқан. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып жатырмыз. Мәселен, 2025 жылы 20-ға жуық мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деп жазды ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button