Қала тіршілігі

ЖАЙМА БАЗАР ЖАЙЫ

Базар жайын көрмекке елордадағы «Шапағат», «Еуразия» сауда орталығы маңайын тағы араладым. «Баяғы таз қалпы» демекші, ашық, шашыраңқы азық – түлік заттарынан көз сүрінді. Сатушылар жанына жақындап, не себепті бұл жерде тұрғандарын сұрағаным сол еді, не шаруаң бар деп өзімді сұрақтың астына алғаны. – Бұлар туралы әлгі журналистер сан мәрте жазып, телеарнадан көрсетті емес пе? Бәрібір нәтиже жоқ. Айттың не, айтпадың не, естір құлақ, ар – ұят болмағасын, – деп бір қария маған араша тұрды.

Ақсақал негізінен арға қатысты сөзді сатушыларға айтса керек. Әйтпесе, қоғамдық тәртіп сақшылары оларға сан мәрте ескерту жасаған.Енді тәртіп бұзған жүргізушілерге алдымен айыппұл, қайталанса қатаң шара көретін секілді, қала сәніне нұсқан келтіріп тұрған жабайы базар иелерінің де аяғын аңдап бастыртатын кез жетті. Оларды орындарынан қуғанмен, іс бітпейді.

Былтыр қыстыгүні «Жасы­бай» қонақ үйінен шеткіректе көкөніспен бірге ет те сатылды. Сонда азық үстіне жылымық қардың себелегенін көргенбіз. Жайбарақат бұл көріністің биылғы қыста қайталанбасына кім кепіл? Бұл мәселені қайта –қайта қозғай, ұяттан біздің де бетіміз күйіп болды ғой.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button