Елорда тынысы

Жалақы мен зейнетақы өсе ме?

Ел Үкіметі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында 2024 жылға арналған жаңа ең төменгі жалақыны, зейнетақыны, айлық есептік көрсеткіштерді және төлемдер мен өсімпұлдарды есептеуге қажетті басқа да көрсеткіштерді белгіледі.

Қазіргі кезде осы заң жобасы Сенаттың қарауында. Сайып келгенде, Парламент заң жобасын тұтастай мақұлдап, Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберсе, жаңа жылдан бастап жалақы, зейнетақы, төлемдер мен айыппұлдар өзгереді.

Заң жобасындағы ұсыныс бойынша еліміздегі ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады, яғни 15 мың теңгеге өседі. Бұл жұмыс берушілер жұмысшыларға ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақы беруге міндетті дегенді білдіреді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгені құрайды (өсім 3874 теңге). Бірлескен зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 853 теңгеге өседі (өсім 4777 теңге). Айлық есептік көрсеткіш 242 теңгеге артып, 3692 теңге болмақ.

Сонымен қатар айыппұлдар, өсімпұлдар, салықтар және басқа да төлемдер, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша есеп айырысулар да ұлғаяды. Мысалы, бала туылғанда берілетін жәрдемақы мөлшері (1, 2 және 3 бала үшін) – 38 АЕК 2023 жылы 131 100 теңге болса, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 140 296 теңгеге көбейеді. Төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК 2023 жылы 217 350 теңге болса, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 232 596 теңгеге ұлғаяды. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 407 теңгені (өсім 2 840 теңге) құрайды. Өмір сүру құны мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшеріне де әсер етеді.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button