Елорда тынысы

Жалдамалы пәтерге байқау жариялайды

Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» мекемесі ­сатып алу құқығымен жалдамалы пәтерлерді алу бо­йынша қосымша байқау 27 ақпан-3 наурыз аралығында өтетінін хабарлады.

Тұрғын үй қоры бұрын жарияланған байқау бойынша кезекте тұрған азаматтардан қосымша өтініш қабылдайды.

Сарыарқа ауданының Көктал ықшам ауданы, 12-95 көшесі, 12/1 үйде орналасқан жалдамалы пәтерлер саны – 50. Олардың жиырмасы – 1, жиырма екісі – 2, сегізі – 3 бөлмелі пәтер.

Жалдамалы пәтерді алу үшін бастапқы жарна талап етілмейді, ал бір шаршы метрді жалдау құны – 1455 теңге. Пәтер 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді.

Өтінішті «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында беруге болады.

Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған келесі азаматтар қатыса алады:

* білім беру; денсаулық сақтау; мәдениет саласының қызметкерлері;

* әлеуметтік қорғау саласының; полиция департаментінің; төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button