Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ДАБЫЛ ДҮРЛІКТІРДІ

20140210184423

Кеше, 30 шілде күні сағат 13.31-де Астана қаласының ІІД кезекшілігін белгісіз әйел «Сапаржай» автобекетіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалған.  Ақпарат түскеннен кейін екі  мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«Жарылыс» туралы хабар келіп түскеннен кейін автобекеттің жұмысы тоқтатылды. Ғимараттан екі мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, ал оған жапсарлас аймақтан қалааралық қатынасқа шығатын 13 автобус пен 12 жеңіл көлік шығарылды. «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері мен кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің көмегімен ғимарат және оған жапсарлас аймақ жіті тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ», – делінген таратылған ақпаратта.

Қалалық ІІД мәліметтеріне қарағанда, лаңкестік жайында жалған ақпарат берген Ақмола облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталып, ол өз кінәсін мойындап отыр. «Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол автобекет ғимаратында жүріп, лаңкестікке қарсы қорғаныс буклетіндегі көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған. Осы әрекеті арқылы шұғыл қызметтердің лаңкестік жайындағы ақпаратқа қалай жедел әрекет ететіндігін тексеріп көрмек болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Оған келтірілген материалдық шығынды қалпына келтіру туралы да талап арыз берілетін болады. Айта кетерлігі, мұндай құқық бұзушылығы үшін ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button