Мәслихат

Жалған көрсеткіштер саны өсті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің кредиторлық қарызы мәселелері жуырда мәслихат отырысында талқыланды. Жүйелі түрде шешуді талап ететін бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Өткен жылмен салыстырғанда барлық денсаулық сақтау нысанында жалған көрсеткіштер саны айтарлықтай өсті, бұл консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету, стационарлардың жұмысы және басқа да көптеген саланы қамтиды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде айыппұл төлеу­ден бастау тапсырылды. Көптеген шағым медициналық қызметтердің сапасына байланысты, бірақ олардың тек бір бөлігі жедел түрде шешіледі.

Елордалық денсаулық сақтау ұйым­дарының кредиторлық қарызы көбінесе дәрі-дәрмектерді артық сатып алумен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, «қабынған» штаттармен және бірінші басшылардың қаржылық сауатсыздығымен байланысты. Заң бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырдым» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі ­парақшасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button