Жалпықалалық сенбілік өтті
Өткен сенбіде Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Оған қаланың 62 мыңнан астам тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, МИБ (ПИК) және басқалар қатысты.
Экоакция аясында Астанада қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау және т.б., сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және т.б. өткізілді.
Қала тұрғындары да тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосып, отбасыларымен және ұжымдарымен бірге қаланы тазалауға шықты.
Барлық аудандарда саябақтар, скверлер мен аулалар жиналып, қайың, емен, шырша, қарағай, сирень сияқты қылқан жапырақты және жапырақты 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Жалпы алғанда қаланы жинауға 62 мыңнан астам адам, 5 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты. Полигонға 170 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды, аялдама павильондарын, бағдаршам нысандарын, жерасты және жер үсті өткелдерін жуу жүргізілді, 730 жүк көлік және тиеу техникасы тартылды.
Экоакция кезінде 4 рұқсат етілмеген полигон жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан қоқыс шығару үшін 90-нан астам ауыр жүк рейсі жасалды.
Астанада ауқымды жалпықалалық сенбіліктер тұрақты негізде өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.