Жаңалықтар

Жамағатты жеткізіп салады

Елордада мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуына орай жаңа жолаушылар тасымалы қызметі іске қосылды.

Оразаның әр түнінде оқылатын тарауих намазынан кейін қалалық мешіттерден бастау алатын бірнеше бағытта қатынайтын тегін автобус­тар жамағатты үйлеріне жеткізіп тастайды. Автобустар мына бағытта тегін қатынайтын болады:
– «Әзірет Сұлтан» мешіті («Спутник» супермаркеті, т/ж вокзалы, Көктал 1, 2 тұрғын алабы);
– «Нұр Астана» мешітінен Көктал 1, 2 т/а, вокзал, мед.колледжі);
– Ырыскелді қажы мешітінен «Үркер» тұрғын алабы;
– «С.Ғылмани» мешіті (Көктал 1 т/а, «Кирпичный» тұрғын алабы);
– «Ақмешіт» мешіті («Мастер» Т/О).

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button