Мәдениет

Жанельдің жаңа белесі

«Аялаған Астана – 2016» конкурсының жеңімпазы Жанель Сәдуақас жас орындаушылардың «Балалар жаңа толқыны» халықаралық байқауына қатысып, еліміздің намысын қорғайтын болады.

00

Байқау бүгін басталып, екі күнге жалғасады. Әлемдік музыка сайысында 11 мемлекеттен 8-ден-12 жас аралығындағы балалар шеберлік сынасады.
Жанель Сәдуақас «Айгөлек», «Жұлдызды жол», «Лина Арифулинаның балалар караокесі» және «Аялаған Астана – 2016» сынды көптеген музыкалық байқауларда топ жарған. Жас әнші оқудан бос уақытында ән айтып, форте­пианода ойнайды, кітап оқиды, би билейді, ат спортымен, семсерлесумен, сурет салумен айналысады, кесте тігіп, дәмді тағамдар әзірлейді.
– Достарым менің барлық шығармашылық тәжіри­бе­лерімді толық қолдайды, оларға өте ризамын. «Балалар Жаңа тол­қынын» ылғи бірге көреміз. Әсіресе, Данэлия Төле­шова мен Мұхаммедәлі Жүгінісовты ұнады. Бұл екеуі де Қазақстанның атынан қа­тысқан талантты орындаушылар. Ал мен үшін маңызды болып отырған «Жаңа толқын» байқауы менің өнердегі қа­дамымды ашып, жаңа шабыт сыйлайтынына сенемін, – дейді Жанель.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button