Жаңалықтар

Жәнел Сәдуақас «Балалардың жаңа толқыны-2016» байқауында 3-ші орын иеленді

Байқауға 8 бен 12 жас аралығындағы әлемнің 11 елінен 15 бала қатысты.

цуп1ц98у1пц

«Артек» балалар орталығында өткен «Балалардың жаңа толқыны-2016» байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсеткен 11 жасар Жәнел Сәдуақас үшінші орынды иеленді. Екі күнге жалғасқан әлемдік музыка сайысында балғын әншіміз отандастарының үкілеген үмітін ақтады.

Жалпы, байқауға 8 бен 12 жас аралығындағы әлемнің 11 елінен 15 бала қатысты. Атап айтқанда, Ресей, Армения, Абхазия, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Румын елдері.

Естеріңізде болса, Жәнел «Аялаған Астана-2016» конкурсында топ жарған болатын. Бұдан бөлек, ол «Жұлдызды жол», «Лина Арифулинаның балалар караокесі» музыкалық байқауларының да жүлдесін еншілеген.

Еліміздің намысын қорғауға аттанған қаршадай әншінің басқа да қырлары көп. Бос уақытында ән айтумен қатар, фортепианода ойнап, кітап оқиды, би билейді, сурет салып, кесте тігеді. Ат спорты, семсерлесуден де қабілеті бар әнші қыз дәмді тағамдар да әзірлей алады.

Қазақстандық әнші Әдемі Инстаграмдағы парақшасында шәкіртін қолдап «Жәнел – жарайсың, алда сені талай жеңістер күтіп тұр!» деп жазды.

 

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button