Елорда тынысы

Жаңа 4 жатақхана салынады

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдағы жылы студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бүгінде 4 жаңа Cтуденттер үйінің құрылысына жеке инвестиция тартылуда. Олардың біреуі биыл жазда пайдалануға берілмек.

Аталған университет екі жыл ішінде студенттер үйінің санын көбейтіп, 5 мыңнан астам орынды пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Мағжан Жұмабаев көшесінде бой көтеріп жатқан жаңа зама­науи жатақханаға университет студенттері биыл орналаса алады. Оқу орны ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, биыл оқу жылының алдында бір студенттер үйі пайдалануға беріледі.

– Жатақхана мәселесі – жоғары білім беру саласындағы ең өзекті мәселе. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ете алмай отырғанда жоғары білімнің сапасы туралы айту қиын. Президенттің өзі бұл мәселені көтеріп, 2025 жылға дейін 90 мың орындық жатақхана салуды тапсырды. Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвесторлар студенттер үйінің құрылысына үлкен қызығушылық танытуда. Биыл жаңа оқу жылының алдында бір студенттер үйі пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта тағы үш үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл келесі жылы оқу орнымыздағы жатақханаға деген сұранысты толығымен жабады, – деді Ерлан Сыдықов.

Мағжан Жұмабаев көшесіндегі жаңа студенттер үйін инвестор-құрылыс жүргізуші «AEK Munai» ЖШС салуда. Қазіргі уақытта екі блоктан және 5 қабаттан тұратын ғимараттың құрылысы қарқынды жүруде. Жатақхананың жалпы көлемі 4 мың шаршы метрден асады.

– Биыл біздің компания өз қаражатына студенттерге арналған жатақханалар салуға шешім қабылдады. Алғашқы жобамыз Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйін салудан басталды. Ғимаратта шамамен 300-ге жуық орын қарастырылған. Жатақхана дизайнерлердің көмегімен жобаланды. Ғимарат заманауи әрі жайлы болады. Бірінші қабаттарда студенттерге ыңғайлы болу үшін коворкинг-аймақтар орналасады, – деді «Bastau Damu KZ» ЖШС директоры Арман Халелов.

2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Астанада студент жатақханалары құрылысының жобалық кеңсесі құрылған болатын. Осы бағытта инвесторлар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Қаржы орталығы» АҚ және жоғары оқу орындары арасында жемісті ынтымақ­тастық туралы меморандумдар жасалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button