Елорда тынысы

«Жаңа әлемдегі халықаралық қаржы жүйесі»

Астана қаласында «Жаңа әлемдегі халықаралық қаржы жүйесі» тақырыбында конференция басталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Іс-шара 17-18 қыркүйек күндері орталық банктер мен реттеуші органдардың, қаржы секторының, сондай-ақ академиялық ортаның өкілдерін бір алаңда біріктіреді. Спикерлердің қатарында ірі халықаралық қаржы ұйымдарының, соның ішінде Халықаралық валюта қорының жетекшілері мен сарапшылары болады деп күтілуде.

Freedom Holding Corp. мен Reinventing Bretton-Woods Committee бірге ұйымдастырған конференция Австрияда, Қытайда, АҚШ-та, Моңғолияда және Перуде өткен Бреттон-Вудс жүйесінің 80 жылдығына арналған халықаралық іс-шаралар сериясы аясында өткізіледі және Оңтүстік Корея мен Италияда жалғасын табады. Өңірлік экономикадағы ұстанымын белсенді нығайтып келе жатырған Қазақстан әлемдік қаржы жүйесі алдында тұрған негізгі мәселелерді талқылауда маңызды рөл атқарады.

Қатысушылар ақша-несие саясаты, макроэкономикалық үрдістер, сауда интеграциясы және Орта дәлізді дамыту, қаржы нарықтары мен қаржы технологиясы, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығы секілді тақырыптарды талқылайды.

Шақырылған спикерлер қатарында Халықаралық валюта қорының өкілдері, ISEG кеңесінің президенті және Еуропалық орталық банктің бұрынғы вице-президенті Витор Констанцио, Грузиялық Орталық банктің төрағасы Натия Турнава, Массачусетс технологиялық институтының экономика профессоры Атанасиос Орфанидос, Париж-Сорбонна университетінің экономика ғылымдарының құрметті профессоры Кристиан де Буссье, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов секілді әлемдік жетекші эксперттер бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button