Қала мен Сала

Жаңа амфитеатр ашылады

Бейбітшілік және келісім сарайы жанындағы саябақта каскадты Амфитеатр салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

[smartslider3 slider=3261]

«Қаланың барлық ауданында, сол сияқты елді мекендерде қоғамдық кеңістіктерді, яғни саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар және аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргіземіз. Биыл тартымды орындар қатары тіптен арта түседі. Қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада, бос уақытын денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын 200-ден аса жайлы орын болмақ. Осыған дейін 500 аула аумағы мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, олардың бәрі тартымды орындардың біріне айналды. Осылайша елордамыз ақырындап «көлік жүргізушілер қаласынан» «жаяу жүргіншілерге арналған қалаға» айналып келеді. Каскадты амфитеатр құрылысының барысымен таныстым. Амфитеатр келесі айда ашылады. Ол Есіл өзені мен Бейбітшілік және келісім сарайының (Алматы ауданындағы Нәжімеденов көшесі тұсында) арасында орналасқан. Осылайша, жанындағы саябақты үйлесімді түрде жалғай түседі, бұл маңайда осыған дейін көпір асты кеңістігі абаттандырылған болатын» деді әкім.

Амфитеатр іс-шаралар мен спектакльдер өткізуге арналған, сол сияқты жастардың талантын ашатын орындарды әрі қала тұрғындарының демалатын аумағын қамтиды. Жанынан бүлдіршіндерге арнап ойнауға арналған алаңқай ашылады. Осылайша елорда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамып келеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button