Астана аудандары

Жаңа ауданның байсалды қадамы

Байқоңыр ауданы – елордадағы ең жас аудандардың бірі. Аудан құрылғаннан кейін қысқа ғана уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылды.

[smartslider3 slider=1640]

2020-2021 жылдар аралығында аудандағы 237 ауланың 110-ы абаттандырылды. 55 аула кешені жөнделіп, қалпына келтірілді. Сондай-ақ 22 қоғамдық кеңістікті жайлы ету жұмысы жүргізілді. Екі жылдың ішінде 105 көшеде 5400 шам ауыстырылды. Ауданның көшелері 100% жарыққа қосылды, оның ішінде бұрын жарығы болмаған 79 көшеге жарық бағаналары орнатылды. Көгалдандыру жұмыстары аясында 14 мың ағаш егілді.

Екі жылдың ішінде ауданда жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешені бой көтерді. Сонымен бірге, №8 мектеп-лицейі сынды әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді. 2 мектепте құрылыс жұмысы аяқталды. Чехоев, 12 көшесіндегі «Достық» отбасылық дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Байқоңыр ауданының полиция басқармасы үшін фронт кеңсенің құрылысы аяқталуға жақын. Келесі жылы №12 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Өндіріс» тұрғын алабында 250 адамға арналған амбулаториялық-емханалық кешеннің эскиздік жобасы әзірленді. №8 емхана корпустарын қосу бойынша жұмыс жоспары белгіленген. Оған қоса, жалпы білім беретін 2 мектепте қосымша құрылыс салу жоспарда бар. 2020 жылы демеушілік көмек есебінен 9 жатақхананың шатыры мен инженерлік желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button