ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЖАҢА ӘУЕ ҚАТЫНАСТАРЫ

1377164506_a

Биылдан бастап Астанадан Орал, Сеул, Тбилиси және Парижге тікелей әуе байланысы ашылмақ.

Қазақстан Республикасы Инвес­тициялар және даму министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыттар «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес еліміздің көлік-логистикалық жүйесін жетілдіру ауқымында қолға алынып отыр. Осы негізде қазірдің өзінде екі бағыт іске қосылды. Біріншісі – өткен жылы 29 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы жүзеге асырған Астана – Орал – Астана әуе қатынасы болса, екіншісі – 29 наурызда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг-757» әуе кемесі орындаған Астана – Париж бағытындағы алғашқы тікелей рейс. Екі бағытқа да «Эйрбас-320» және «Эмбраер-190» әуе кемелері пайдаланылды.

Биыл жазда ашылатын Астанадан Сеулге және Тбилисиге қатынайтын жаңа халықаралық бағыттардың тасымалдаушысы – «Эйр Астана» әуе компаниясы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button