Басты ақпаратҚала тіршілігі

ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ERA_6035

Қараша айының соңында қоғамдық көліктердің жұмысындағы кемшіліктер туралы қала тұрғындары тарапынан келіп түскен шағымдардың көптігіне байланысты елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков жолау­шылары көп бағыттарға 36 жаңа автобус шығаруды тапсырған еді. Соның нәтижесінде кеше Астанада № 9, 10 бағыттары бойынша қатынайтын жаңа автобустар көпшілікке таныстырылды.

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа автобустардың техникалық сипаттамаларымен танысып, олардың мүмкіндігі шектеулі жандарды тасы­малдауға арналған едендерінің тө­мендігімен ерекшеленетініне көз жеткізді. Пандусты көліктер көп­шіліктің көңілінен шығары сөзсіз.

Автобустар аяқасты ауа ра­йы­ның құбылуына бейімделіп жа­салған. Яғни, терезелері 3 қабат шыныдан тұрады. Ауа айналымын реттеу және жылыту жүйелері орнатылып, едендеріне арнайы жабын төселген. Сонымен қатар, жаңа автобустарда бейнебақылау, WI-FI, валидатор және жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі де қарастырылған. Әрқайсысы шамамен 270 мың АҚШ долларын құрайтын,
заманауи техникамен жабдық­талған Франциядан әкелінген 24 орын­дық жаңа көліктердің ішіне жетпіске жуық жолаушы емін-еркін сыяды.

Сонымен қатар, жолаушылардың қауіпсіздігіне алаңдаған қала басшылары мен автопарк өкілдері жүргізушілер мен кондукторларды арнайы орталықта алдын ала оқытқан. Алайда, келер жылдың нау­рызынан бас­тап кондукторлардың орнын олардың  электронды нұсқасы ал­мастырмақшы. Жолақысы 90 теңге күйінде қалады. Енді 28 және 42 бағыттарына қатынайтын тағы 80 автобус жыл соңына дейін пай­далануға беріледі деп күтілуде.

Астанада күн сайын шамамен 720 мың жолаушы қоғамдық көлік қызметін пайдаланады екен. Алдағы уақытта тасымалдау­шы­лар жолаушылар ағынын
әлде де ұлғайтпақ ниетте. Бұл жұ­мыс­тың басты компо­нент­терінің бірі автобустар паркін жа­ңарту және ұлғайту болмақ.

 

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button