Елорда тынысы

Жаңа автобустармен толығуда

Астана қаласының қоғамдық көліктер паркі 55 жаңа 12 м “Yutong” маркалы автобуспен толықты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Оның 26-сы толығымен жабдықталып, бағдарларға шықты. Жабдықталу аяқталғаннан соң қалған 29 автобус та іске қосылады.

Биыл 320 автобус сатып алу жоспарланған, оның қазіргі уақытта көп бөлігі жеткізілді және линияда жүр.

Бұл автобустар желідегі автобустардың санын арттыруға, осылайша күту аралығын қысқартуға. Жаңа бағыттарды іске қосуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен алмастыруға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, жыл басынан 5 жаңа бағыт іске қосылды, 23 бағытта автобус саны 55 бірлікке артты.

Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button