Елорда тынысы

Жаңа аулалар абаттандырылды

Байқоңыр ауданында Отырар көшесіндегі тағы екі аула абаттандырылды, сондай-ақ “Кирпичный” тұрғын алабындағы Көксеңгір көшесінде жаңа балалар ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аула аумағына екі үй кіреді: Отырар көшесі 4/1 және 4/2. Мұнда 1500-ге жуық тұрғын тұрады. Ауланың ашылуы тұрғындардың қатысуымен салтанатты жағдайда өтті.

Абаттандыру барысында балалар ойын алаңы, үлкен футбол алаңы, workout-аймақ, демалуға арналған беседкалар жабдықталды. Сондай-ақ шамамен 2000 шаршы метр асфальт пен тартан жабыны төселді.

Сонымен қатар бүгін Байқоңыр ауданының “Кирпичный” тұрғын алабында Көксеңгір көшесінде жаңа балалар ойын алаңы ашылды. Бұл балалар алаңы жаңа балабақша мен № 12 мектеп ауданында орналасқан.

Бұл аумақта 2,5 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бұл кеңістіктегі балалар ойын алаңы тозған және көптеген жылдар бойы абаттандырудың болмауына байланысты балалар үшін қауіпті болған.

Бүгінде алаң жан-жақты абаттандырылып, балалар ойын алаңы мен тұрғындар үшін жайлы кеңістік пайда болды.

Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button