Sport

Жаңа бапкер жеңіспен бастады

Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Астана» футбол клубы өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдады. Бұл – жақында елордалық команданың бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Роман Григорчуктің жетекшілігімен өткен алғашқы матч.


Бұл ойында шаңырақтың егесі қонақтарды ұпайсыз қайтарды. Жалпы есебі үш гол айырмаш ылығымен жеңген «Астанада» бұдан да көп гол салатындай мүмкіндік болды. Бірінші таймда Роман Мұртазаевтың соққан бір голы саналмады. Бірақ Роман 40-минутта бәрібір дегеніне жетті.

Екінші таймда есепті Джордже Деспотович еселесе, арада 7 минут өткенде, Мұртазаев дубль жасады. Деспотович тағы бір гол соғып еді, онысы офсайд деп есепке алынбады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button