Сұхбат

ЖАҢА ДОКТРИНА ҚАНАДАЙ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ?

Надежда ПЕТУХОВА,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

– «Нұр Отан» партиясының барлық он бес съезіне де қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Әрине, әр съездің өзіндік ерекшелігі болғаны анық. Кешегі съезді тарихи оқиға десек те болады. Себебі, дәл осы съезде біз «Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасын бекіттік. Бұл құжат тек бүгінгі жастардың ғана емес, келер ұрпақтың, яғни, біздің немерелеріміз бен шөбере­ле­ріміздің болашағын айқындамақшы.
Біздің, партия мүшелерінің саяси­ идеалы – Елбасы. Себебі, шын мәнінде, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­ Қазақ­станды аяғынан тік тұр­ғызып, әлемдік қауым­дас­тық біздің елімізді тани­тындай деңгейге жеткіз­ді.
Еліміздің «Қазақстан-2050» стра­тегиясы біздің барлы­ғы­мыз үшін бағдар­ла­ма­лық құжат болып табылады. Демек, отан­дас­тарымыздың бола­­шаққа ұмты­лы­сы­ мен жетіле түсуге деген ұдайы тал­пынысы Қазақ­станның одан әрі өркен­деуінің аса маңыз­ды шарты деп ойлаймын.
Өз басым қазіргі жастарға қызы­ға да қызғана қараймын. Өйт­кені, алда оларды бүгінгіден де нұрлы, жарқын болашақ күтіп тұр.

Сергей БОГАТЫРЕВ,  «№1 автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы 

– Өткен он бес жылдың қоры­тын­­дысын шығару және болашақты бағдарлау тұр­ғы­сынан алғанда бұл еліміздің «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданғаннан бергі партия­мыз­дың алғашқы басқосуы болып саналады. Сондықтан, біз елімізді әлемнің ең қуатты отыз елінің қата­рына қосу мақсатында алыс бола­шаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледік. Сөйтіп, алда қандай мақсаттар тұр, оған қай жолмен жеткеніміз жөн екенін нақтылап, оны жүзеге асыруға кірістік.
Съезде «Нұр Отан» партиясы­ – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш екеніне тағы бір рет анық көз жеткіздік.

 

Ержан АЛДАНАЗАРОВ,­ Астана­ қаласы Жастар саясаты­ мәселелері басқармасының бас маманы:

– Жуырда ғана өткен «Нұр Отан» партия­сы­ның кезектен тыс XV съезінде «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» атты саяси доктрина қабылданды. Жаңа құжат елдіктің мақсаты мен мәнін ашатын бірнеше бөлімдерден тұрады. Аталмыш құжат жастарды да бейжай қалдырмады. Әсіресе, доктринаның өмір сапасы, дәстүр мен мәдениет, зияткерлік бағдар туралы ұстанымын мемлекет­тіліктің тұғырын байыптайтын фактор деп білеміз. Бұл ретте доктринада «Біз әрдайым биік межелерді көздеп, мақсатымызға қол жеткізіп кел­дік.­ Біздің болашаққа ұмтылысымыз және жетіле түсуге талпынысымыз – Қазақстанның одан әрі өркен­деуінің аса маңызды шарты. Сондық­тан да оқу-білімге ұмтылу, еңбек ету және басқалардың еңбегін құрметтеу, өз денсаулығына дұрыстап қарау және дәйім өзін-өзі ұштап отыру әрбір азамат­ үшін өмірі­нің қалыпты қағидасына айналуы керек» делінген. Осы айтылып отыр­ған өзекті мәселе азаматтардың отан­шыл­дығы мен белсенділігі жас буынға байланысты.

Қорыта айтқанда, «Нұр Отан» партия­сының жаңа Саяси доктринасында қоғам мүшесінің, адамның қадір-қасиетін, игілігі мен құқын, талап-тілегін, арманы мен мүддесін мемлекеттік мұрат төңірегіне топтастыру арқылы жаңғыру мен жаңа­руға бастау мақсаты көрініс тапқан.

Намазәлі ОМАШЕВ,­ филология­ ғылымының докторы, профессор

– Мен Доктрина мәтінін дайындаған жұмыс тобында болдым. Осыған дейін де елімізде түрлі бағдарламалар, доктриналар қабылданды. «Нұр Отан» партиясының бұл жолғы саяси доктринасы тарихымызда алғаш рет ата дәстүрімізге сүйене отырып жазылды. Ұлтымыздың ғасырлар бойғы қалыптасқан дәстүрін бағдар етіп алды. Халықтың үлкен биігі төл мәдениеті болса, отбасы мен дәстүр, мәдениет пен руханияттың өз деңгейінде ұлықталуына стратегиялық басымдық беріп, партияның саяси мақсатымен қатар біріктіріп алып отыр.
Мен бұл ерекшеліктерді жаңа бетбұрысқа балағым келеді және ел болашағының дамуына сенім ұялатады.

 

 Майра ӘЛІМХАНҚЫЗЫ, Интернациональный кентіндегі бастауыш партия ұйымының төрайымы

– Елбасының доктринасын бастауыш партия ұйымында талқыладық. Ол өте қара­пайым, ұғынықты тілмен жазыл­ған. Ондағы, әсіресе, жас­тар­ға бағытталған тұсы ерекше әсер қалдырды.
Жаңа оқу-білімге ұмтылу, еңбек ету және басқалардың еңбегін құрметтеу, өз денсау­лы­ғына дұрыстап қарау әрбір азамат үшін өмірінің қалыпты қағидасына айналуы қажет.
Сонымен бірге мемлекеттік тілді нығайту, қазақтың дәс­түрі мен мәдениетін жаңғыр­ту жұмыстарының тиімді жүйесін жасауды тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы доктринада мемлекеттік тілді ел бірлігінің факторы ретінде атап өткен болатын және бұл мәселеге барынша ден қоятын кез келгенін айтты. Расында да, қазақ тілін білу – азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрмет екенін ескертті. Отан дегеніміз отбасындағы өнегелі тәрбиеден басталады, сондықтан отбасын нығайту мен ата дәстүрлерімізді сақтап, оны ұрпағымызға дәріптеуді әрқайсысымыз естен шығармауымыз керек.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button