ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЖАҢА ЭКСПРЕСС БАҒДАРЛАР АШЫЛДЫ

24a8fe902cd37b59de15e7375d51

20-21 қараша күндері қала маңындағы елді мекен тұрғындарына ыңғайлы болу үшін  №53,  54 экспресс-бағдарлар  ашылды.

Атап айтсақ, №53 бағдар Темір жол вокзалы мен әуежай арасында қатынайды. Аралық аялдамалар: К.Байсейітова атындағы опера және балет театры – Қазақ өнер университеті (Музакадемия) – БТА банкі – Самал ш.а. – Ататүрік саябағы – Министрліктер үйіҚТЖ бас кеңсесі – Кардиохиургиялық клиника («Азия парк» ОСО)  – «Астана-Арена»  – Назарбаев университеті – Пригородный тұрғын алабы.

Ал, тағы сондай жайлы да жүр­дек автобустан жасақталған №54 экспресс-бағдар Градкомплекс пен Жібек жолы тұрғын алабындағы жолды жалғайды. Аралық аялдамалар:  № 67 орта мектеп – № 65 орта мектеп  – «Хабар» агенттігі – «Конгресс-холл» сарайы  – «Астанателеком» ҚТО кеңсесі – «Спутник» супермаркеті – «Жібек жолы» СҮ – №2 балалар емханасы – «Интернациональный» т.а. – «Мичурино» т.а. –   «Күйгенжар» т.а. – «Жібек жолы» т.а. («Ұлытау» дүкені – «Бауырым» дүкені –  «Гүлзада» дүкені – «Достық»  дүкені – орта мектеп).

Жол жүру құны ересектерге – 120 теңге, балаларға – 60 теңге. Жалпы, балалар үшін және жеңілдігі бар жол жүру билеттері 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жарамсыз деп танылады. Ал, бұрын-соңды жолы ұзақ боп келген  №9 бағдар  бүгіннен бастап  тек «Интернациональный» тұрғын алабына дейін жүретін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button