Жаңалықтар

ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ

емханаКеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов №10 амбулаторлық-емханалық кешеннің ашылу салтанатына­ қатысты.

емхана1

«Еліміздің ең басты мерекесі – Тәуел­сіз­дік күні қарсаңында Астана қала­сында тағы бір емдеу мекемесі ашылып, халықтың игілігіне берілмекші. Бұл – «100 мектеп, 100 аурухана» мем­ле­кет­тік бағдарламасы аясында қолға алынған жоба. Жалпы, денсаулық сақтау саласын нығайту – күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі. Бүгінгі емхананың құрылысына 4 млрд теңгеге жуық қара­жат жұмсалды. Аталмыш нысан 65 мың­ға жуық халыққа қызмет көрсетеді деп болжануда» деді Иманғали Тасмағамбетов.

Заманауи мекемеде алдын ала емдеу,­ консультациялық-диагностикалық бөлім­­дер,­ жастар және отбасы денсау­лығы ор­талығы жұмыс істейді. Мұн­да нау­қас­тардың кезек санын оңтай­лан­дыру мақсатында электронды тіркеу жүйесі енгізілген. Сонымен қатар, «Smart Astana» жобасы бойынша қала тұр­ғын­дарына бірыңғай медициналық ақпарат беретін Call-орталық ашу жос­пар­лануда.

– Кешен көпбейінді емхана ретін­де жұмыс істейді. №4 және №5 емха­на­лар­дағы шамадан тыс жүктемені азай­туға септігін тигізбек. Мекемеде 22 дәрігер-маман жұмыс істейтін болады, – дейді жаңа емхананың бас дәрігері міндетін атқарушы Асхат Ибралов.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button