Жаңалықтар

Жаңа энциклопедия жарық көрдi

Қолына алып, парақтап үлгергендер еңбектi ел тарихындағы елеулi оқиға, әскери ғылым саласындағы ана тiлiмiзде жазылған алғашқы энциклопедия деп бағалап отыр.
Айтса, айтқандай-ақ. Әскери терминдер мен сөз-ұғымдарын қалыптастыруды мақсат тұтқан «Айбын» энциклопедиясы қатардағы жауынгерден бастап әскери жоғары оқу орындарының студенттерi мен тыңдаушыларына қосалқы оқу құралы, ғылыми дерек көзi ретiнде ұсынылып отырған тырнақалды дүние.

Жоба авторы – әскери жур­налист-жазушы, запастағы пол­ков­ник, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегерi Сағи­долла Көшiмбаев. Әскери жур­на­листиканың сардары атанған азамат. Бағасын бұлай деп қана беру аз болар. Сағидолла Көшiм­баев кезiнде Қазақстанның сол­түстiк облыстарын Ресейге қосу туралы әңгiме қозғалып жүрген тұста «Қазақстанның көрiктi жер­­лерi» сериясымен жарық көр­ген «Бурабай», «Баянауыл», «Қар­қаралы», «Жетiсу», «Марқа­көл», «Каспий өңiрi», «Жайық өңi­­рi», «Ертiс өңiрi» атты кiтап­тар­дың шығуына мұрындық бол­ған. «Сарыарқа» атты тарихи-та­нымдық тамаша кiтаптың ав­торы. «Ұлтым» дейтiн азаматтың бiрi.
Ықылымнан келе жатқан атбе­гiлiк, саятшылық өнердi насихат­тайтын «Қырандар», «Ер қанаты» еңбектерiнде де Көшiмбаевтiң қолтаңбасы бар.
90-жылдардың басында тұсауы кесiлген тұңғыш республикалық эко­логиялық «Атамекен» газетi­нiң алғашқы басшысы да осы кiсi болып едi.
Одақ тарап, бұ­рын­ғы кеңестiк әс­­кери кадрлар ыды­рап, рес­пуб­лика Қа­рулы Күш­терi­нiң офи­церлер құ­рамы ойсырап қал­ған тұста 42 жастағы аға лейтенант Сағидолла Көшiмбаев өз еркiмен әскер қатарына келiп қосылды.  Он жыл iшiнде аға лейтенанттан полковник шенiне дейiн көтерiлдi.
Жай ғана көтерiлiп қойған жоқ, әскер саласындағы он жылының әр белесiнде ғасырға кететiн қолтаңбасын қалдыра бiлдi.
Соның бiр дәлелi – оқырман қолындағы осы еңбегi болса керек.
Кiтапта адамзат тарихында аттары қалған әлемдiк әскери тұлғалар, оқиғалар, соғыс оты тұтанған өңiрлер, ұлттық намыс пен тәуелсiздiк жолында жанын қиған көсемдер, хас батырлар, мемлекет қайраткерлерi жайындағы мәлiметтер жүйелеп берiлген.
Мәлiметтер алфавиттiк жүйеге негiзделген.
Жинақтың барлық қазақстандықтарды, оның iшiнде, әсiресе, жауынгерлер мен жастарды қайтпас қайсарлыққа, қазақстандық патриотизм мен отансүйгiштiк рухта тәрбиелеуде маңызы зор.
Әскери салада әлi де зерттел­меген қырларымыз, қағазға түспеген сырларымыз жетерлiк. Бұл салада талай томға жүк боларлық қазына ғылыми айналымға түсу кезегiн күтуде. Өркениеттi елдер мұндай ұлттық мүкәммалдарын көпсiнбейдi, тiптi оны құжаттап-хаттауға, мұрағаттық жәдiгер санатында ұрпақ кәдесiне жаратуға мұқият та сергек қарайды, әрi өте құштарлық танытады. Сондайдан бiздiң де сабақ алғанымыз дұрыс.
Автор сөзiмен айтсақ, «бұл еңбек – сондай үлкен iстердiң тек бастамасы ғана…»

Шынар ДОСАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button