Жаңалықтар

Жаңа идеяларға грант бөлінді

2021 жылы елордалық 539 бизнес-жоба жаңа идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік грант алды. Мақұлданған бизнес-жобалардың 50 пайыздан астамы тігін және ­тамақ өнеркәсібі салаларына жатады, 40 пайызы қызмет көрсету саласындағы жобалар болса, 10 пайызы – өндірістік жобалар.

[smartslider3 slider=1157]

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 541 мемлекеттік грант беру үшін қаражат бөлінген. Оның ішінде 539 жоба мақұлданды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына беріледі. Грант өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде бөлінеді. Биыл оның сомасы 583400 теңгені құрады.

– Халықты жұмыспен қамту орталығы грант иегерімен шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру қағидаларына сәйкес, грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталығы ҚР заңнамасына сәйкес осы қаражатты қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді, – деп хабарлады бейінді басқармадан.

Жұмыссыздар да, кәсіпкерлер де (мемлекеттік грантқа өтініш берген сәтте заңды тұлға ретінде тіркелу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайды) өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері оқыту курсынан өткен немесе бірінші бағыт (қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Соның ішінде грантты АӘК алатын аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері ала алады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button