Әлеумет

Жаңа ипотека! Жұмысшы мамандарға 2 440 несие беріледі

Қазақстанда «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Қарыздың жалпы сомасы – 72 млрд теңге. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге болса, Астана мен Алматыда – 36 млн теңге, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл бағдарламамен өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері баспаналы бола алады.

Алғашқы жарна. Бастапқы нарықтан дайын баспананы алу үшін – 10%. Ал жөндеу жасалмаған жаңа үй мен қайталама нарықтан баспана алғысы келетіндер 20% жарна төлеуі тиіс.

Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық мөлшерлемемен несие беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 17 наурызда басталмақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button