Жаңалықтар

Жаңа кешеннің орны анықталды

Астананың қала құрылысы кеңесінде Байқоңыр ауданында салынатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы таныстырылды.

Болашақ кешеннің құрылысы «Өндіріс» тұрғын алабы ауданында бой көтереді. Қоғамдық орталықтың жалпы алаңы 1451,5 шаршы метрді құрайды.
Спорт нысаны аудан тұрғындары үшін саламатты өмір салтымен тұрақты айналысуға септігін тигізеді. Дене шынықтыру залының аумағы 916,9 шаршы метрді алып жатыр. Онда әмбебап спорт залы, жаттығу залы, жаттығушы аймағы, медпункт және кітапхана бар.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін тұрғын үй алабының қала шетіндегі орнын ескере отырып осы ғимаратта полиция және ХҚКО бекеттерін орналастырмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button