Руханият

Жаңа кітап жарық көрді

Тұлпар мініп, ту алған қазақ халқы айтыс тыңдаса, айызы қанатыны айтпаса да түсінікті. Жыр жүйріктеріне жанкүйер жұртымыздың өлеңге махаббаты өзгеше. Сүйінбайлардан жалғасқан сүйікті өнердің сүрлеуін жалғап, атадан қалған атамұраны адалдық алып жүрген жандардың бірі – Серік Әнбияұлы.

[smartslider3 slider=675]

Ол Қытай Халық Республикасы, Өртекес ауданында өмірге келген. Арғы атасы Толықбай да, әкесі Әнбия да өнерден де, өлеңнен де кенде болмаған. Жиырма жыл бұрын атажұртқа оралған ақын бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында ақынның 60 жылдық мерейтойы аталып өтті. Соның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Серік Әнбия­ұлының «Текестен Теріскейге дейін» деп аталатын кітабының тұсауы кесілді.

Жиын барысында ақынның шығармашылығы хақында ой-толғамдар мен пайымды пікірлер айтылды. Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары және немерелері ақынның өлеңдерін оқыды. Кітаптың демеушісі, ақын, Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 гимназияның директоры, «QAZBILIM» жобаларының негізін қалаушы Аятжан Ахметжанұлы Серік Әнбияұлына ат мінгізіп, шапан жапты.

              Рауан ҚАЙДАР

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button