Sport

ЖАҢА КІТАПТАР – ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖАРШЫСЫ

китап1

Қазақ төл спорттан қашанда кенде болған емес. Солардың бірі – адамның ақылын дамытып, ой-өрісін кеңейтуге себепші болатын тоғызқұмалақ.

Ежелгі дәуірлерден өзіне сай ережесі қалыптасқан төл ойынымызды қазіргі дойбы, шахмат сықылды спорт түрлерімен тең дәрежеде көрсек те болады.

Қазіргі уақытта ұлттық спорттың шашбауын көтеріп, қай салада болмасын, қазақтың да төрт құбыласы түгел екенін танытып жүрген азаматтарымыз бар. Солардың бірі ретінде «Тоғызқұмалақ есептері мен этюдтері», «Тоғызқұмалақтың теледидарлық сабақтары» сынды жаңа кітаптардың авторы Мақсат Шотаевты атауға болады.

Ол сиясы әлі кеуіп үлгермеген кітаптарында тоғызқұмалақтың теледидарлық сабақтары мен шығармашылығы туралы кеңінен тоқталған. Сондай-ақ, есеп пен этюд жанрының өзіндік ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсетіп, осы спорттың негізгі теориясын қалаған Ә.Ақшораев еңбектерінің құнды тұстарына тоқталады. Қос кітап ұлттық ойынға қызығатын әрі шұғылданатын және шеберлігін арттырғысы келетін оқырмандарға арналған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button