Қоғам

Жаңа мамандар дайындауға көмектеседі

«Астана-АЭК» АҚ тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Компанияда 1800-ге жуық жоғары білікті маман жұмыс істейді. Дәл осы ұйымдар жұмысшы мамандардың маңыздылығын және оны дамытудың артықшылығын айқын көрсетіп отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Зейнелғабиден Әбеков «Астана-РЭК» мекемесінде диспетчер болып жұмыс істейді. Серіктестікке 2002 жылы қосалқы станцияның электр монтері болып жұмысқа орналасқан.

23 жылдық қызметінде ол өз қызметіндегі күрделі мәселелер бойынша жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, жоғары білікті де саналы маман екенін көрсете білді.

«Біздің негізгі міндетіміз – тұтынушыларды сапалы және тоқтаусыз электр энергиясымен қамтамасыз ету. Бұл процеске компанияның барлық қызметі атсалысады. Мен 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғанына қуанамын, өйткені бұл жастарды техникалық мамандықтарға қызықтыруға және лайықты мамандар дайындауға септігін тигізеді», – деді Зейнелғабиден Әбеков.

Оның айтуынша, диспетчердің жұмысы – жедел әрекет етуді және компанияның барлық қызметін үйлестіруді талап ететін күрделі әрі жауапты міндет. Күрделі жөндеу және ақауларды жою процесіне барлық бөлімше жұмылдырылған. Сондықтан диспетчер үшін жұмысты тиімді және уақытында орындалатындай ұйымдастыру маңызды.

Осы жылдар ішінде бірқатар марапатқа ие болған Зейнелғабиден Әбеков электр жабдықтары мен электр желілерінің ерекшеліктерін білуі, қызметтік міндеттерін орындауға деген көзқарасы, сондай-ақ дер кезінде жауапты шешім қабылдай білуі оны өз саласының білікті маманына айналдырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button