Елорда тынысы

Жаңа мамандықтарды меңгерді

«Joltap» жобасы аясында 168 адам таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графика ­дизайнері және веб-дизайнер (сайттарды әзірлеу) сияқты цифрлық дағдылар бойынша оқуын тәмамдап, сертификат алды.

Сертификат иелері меңгерген мамандығы бойынша жұмыс істеуді жоспарлап, бұл бағытта жобалар жүргізу, жаңа клиенттер табу және табысын арттыруды көздеп отыр. Қазір жастар арасында да, 35 жастан асқан азаматтар арасында да бұл курстарға қызығушылықтың артуы байқалады. Цифрлық дағдылар бойынша қысқа мерзімді курстан өту кезінде білім алушылардың 63 пайызында жұмыс тәжірибесі болмаған, олардың 11 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

«Freelance mumkindik» қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы Астана қаласының 18-50 жас аралығындағы тұрғындарына қолжетімді. Оған жазылу «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде өтеді.

Елорда тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндігі бойын­ша мына мекенжайлардан кеңес ала алады:

* «Ailand» ОДО, Қорғалжын ­тасжолы, 2;

* «Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;

* Жастар сарайы, Республика даңғылы, 34;

* «Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов ­көшесі, 24;

* «Euromall» СҮ, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 24;

* «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;

* «Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;

* «Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;

* «Саянұр» базары, Н.Тілендиев даңғылы, 24/5;

* «Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 32А.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button