Президент пәрмені

Жаңа мiндеттер жүктедi

Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында Есiл ауданындағы №45 орта мектепте Экономикалық даму және сауда министрлiгi Сауда комитетi төрағасының орынбасары Айдар Әлиақпаров пен Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм және ғылым саласын бақылау комитетi төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева бастаған топ жиын өткiздi.

Елбасы мемлекет дамуының жаңа кезеңiнде – экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруда жаңа мiндеттер жүктедi. Бүгiнгi күрмеуi қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда, әсiресе, жаһандық дағдарысты еңсеруде ел экономикасы қай сынаққа да дайын болу қажет. Бұл бағытта Қазақстан, ең алдымен, экономикалық табыстар мен қоғамдық игiлiктердi қамтамасыз етудiң оңтайлы теңгерiмiн таба отырып, халықтың әлеуметтiк жағдайына басымдық беруi қажет. Яғни, халықты қай жағынан да қолдау Мемлекет басшысының «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты маңызды құжатында ерекше мән берiлiп отыр.
Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының түстен кейiнгi жұмысы мұнан кейiн аталмыш аудандағы №17 бiлiм ордасында жалғасты. Бұнда да әңгiме өзегi Жолдау жүктеген мiндеттер болды. Сөз барысында Елбасы үш маңызды мiндеттi саралап, соған ден қойғаны айтылды. Бiрiншiден, оқыту мен жұмысқа орналастыру, екiншiден ауылдық жердегi кәсiпкерлiктi дамыту және еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсендi орталықтарында жұмысқа орна-ластыруға басымдық беру екенi анық. Бұл орайда елдегi ауқымды жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орны бөлек. Бұл – елдiң әлеуетiн арттырып, экономиканы әртараптандырудағы ұтымды қадамдардың бiрi болып отыр.
Серiкгүл СҰЛТАНҚАЖЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button