#Жаңа Қазақстан

Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

– Мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының жаңа құрамы жақында белгілі болады. 18 ақпанға дейін өзін депутаттыққа кандидат ретінде ұсынатын азаматтарды тіркеу жүргізіледі. Соңғы жылдары сайлау туралы заңнаманың жетілуіне қарай ондағы жаңашылдықтар әр түрлі аймақ өкілдерінің көп болып, соған сәйкес пікірлердің де әр түрлі болатын сипатына көшті. Осылайша, екі жыл бұрын республикада бірінші рет праймериз өткізілді, сол арқылы әрбір азамат өз бағдарламасын ұсынып, депутат болуға мүмкіндік алды. Енді бір мандаттық округтерде сайлау енгізілуде. 29 мажоритарлы мандатты енгізудің басты ерекшелігі – оның партиялық және тәуелсіз кандидаттарға өзінің кандидатурасын Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына ұсынуға мүмкіндік беруі. Егер Мәжілісте мажоритарлы сайлау жүйесі халықтың бір мандатты округтер арқылы барлық құрамның 30 пайызын сайлауына мүмкіндік берсе, өңірлік мәслихаттарда бұл көрсеткіш одан әрі жоғарылап, облыстық деңгейдегі өңірлерде 50 пайыз және аудандық, қалалық мәслихаттарда 100 пайыз болады. Бұл – еліміздің барлық өңіріндегі сайлауға бейтарап қарамайтын азаматтар үшін Қазақстанды күшейтіп, өзінің үлес қосуына берілген жақсы мүмкіндік. Мәжілістің қалған 69 депутаттық мандаты тіркелген партиялар арасында бөлінеді. Бұл партияның ең жігерлі, білікті және дарынды өкілдерін маңызды саяси жұмысқа тартуға ықпал етеді.

Алтыншаш ТАБУЛДИНА,

№5 қалалық емхананың бас дәрігері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button