#Жаңа Қазақстан

Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Елорданың Іскер әйелдер қауымдастығы Президент Жолдауына қатысты жиын өткізді. Басқосуға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ҰКП директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев, сондай-ақ елордалық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты.

[smartslider3 slider=2482]

Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Сания Ирсалиеваның сөзінше, Жолдауда айтылған міндеттер бизнес қауымдастыққа бірқатар мүмкіндік береді. «Бүгін біз Президент Жолдауында айтылған міндеттер мен реформаларды талқыладық. Сондай-ақ келешектегі даму туралы ой бөлістік. Жалпы, Жолдауда айтылған азаматтық қоғам және ҮЕҰ-ға қатысты міндеттер бизнес­пен айналысатын әйелдерге де қатысты. Яғни біз сияқты бизнес өкілдеріне көптеген мүмкіндік ашылады деген сөз. Сол мүмкіндіктерді жіберіп алмай, ұтымды пайдалану керек. Сол кезде ғана біз үлкен жетістіктерге жетеміз. Әрқайсымыз өз іс-әрекеттеріміз арқылы қоғамды және Қазақстанды жақсы жағына өзгерте аламыз» деді С.Ирсалиева.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев Жолдауда айтылған міндеттер өзекті әрі көп ұзамай шешілетін шаралар деп санайды. «Жолдауда айтылған реформалар бірінші жартыжылдықта болады деген сенімдеміз. Өйткені атқарушы органдарға, мәслихаттарға қатысты және Мәжіліс пен Сенат депутаттарының азаюына байланысты біраз міндет айтылды. Осының бәрі жүйенің басқаша дамуына әкеледі деген сенім бар. Одан бөлек, Абай облысы құрылатыны туралы айтты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Өйткені Абайдың аты тек қана Қазақстанға емес, бүкіл дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар жаңа облыстарда аудан орталықтары ашылатын болады. Сол жерлерде жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады. Мемлекеттік тапсырыс арқылы инфрақұрылым дамып, жолдар жөнделеді. Бұл – ауылдық жерде тұратын тұрғындардың арманы» деді Б.Жолболдиев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button