Қоғам

Жаңа өнімнің астық экспорты 4 млн тоннаға жетті

“ҚТЖ” деректері бойынша 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында жаңа өнімнің астық экспорты 4 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға артық, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жаңа өнімнің астық экспорты: Өзбекстанға – 45%-ға, Тәжікстанға – 57%-ға, Ауғанстанға – 51%-ға, Қырғызстанға – 19%-ға, Қытайға – 10%-ға артты.

Қазақстан астығының Иран мен Әзербайжанға жеткізілуі айтарлықтай өсті. Иранға экспорт 30 есе артып, 15 мың тоннадан 455 мың тоннаға жетті. Әзербайжанға экспорт көлемі 188 мың тоннаны құрады.

2025 жылдың басынан бері 558 мың тонна астық экспортталып, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп. Иранға экспорт 18,2%-ға, Өзбекстан мен Түрікменстанға – 4%-ға өсті, Қырғызстанға жеткізілім 4,2 есеге артты.

Еске сала кетсек, “ҚТЖ” 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,1 млн тонна астық экспорттады. Өзбекстанға – 3,3 млн тонна, Тәжікстанға – 1,2 млн тонна, Қырғызстанға – 140 мың тонна, Қытайға – 1,7 млн тонна, Ауғанстанға – 289 мың тонна, Иранға – 526 мың тонна, Әзербайжанға – 211 мың тонна астық жөнелтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button