Білім

ЖАҢА ӨНДІРІС ЖЕЛІСІ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия­ ұлттық университеті жаратылыстану­ факультетінің химия­ кафедрасының профессоры­ Ирина Иргибаеваның жетекшілігімен жасалған «Отандық флуоресцивті полимер материалдардың технологиясын­ жасау және тәжірибелі өндірісті ұйымдастыру» атты ғылыми жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Бүкіләлемдік Банктің «Технологиялардың коммерциялануы»­ жобасы­ негізінде аға ғылыми қызметкерлер топтары бағдарламасы бойынша грант иеленуге мақұлдау алды.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған Жобаның басқарма тобының жетекшілігімен «Люминесцентті материалдарды зерттеу орталығы» ЖШС құрылды. Жаңа өндірістің негізгі мақсаты отандық шикізат ресурстарын, оның ішінде қолданыстағы химия өнеркәсібін мақсатты әрі тиімді пайдалану болып отыр. Негізгі өнімдер жол және нави­га­ция­лық белгілерді, көліктердің, жол жұмыс­­шы­ла­­ры­ның маркировкасын және жол жолақтарын бояуға арналып шыға­­ры­­ла­тын болады. Қазіргі кезде жобаға қаты­су­шылар флуоресцивті поли­­мер материалдың (смола) негізін өнді­ре­­тін ай­рық­ша технологияны жасап қойды. Бұл технология техникалық және эконо­ми­калық жағынан тиімді, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан зиянсыз болатыны болжанып отыр. Жобаның жүзеге асуы қазақстандық өндірістің іске қосылуымен, бәсекелестіктің дамуымен, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуымен нәтижелі болмақ.

Жобаның негізгі жасаушылары­ И.С.Ир­ги­­бае­ва, Н.Н.Барашков, З.Г.Акулова, Т.Н.­Нұ­рах­метов, А.А.Алдоңғаров және А.И.Ман­тель­ өздері­нің ғылыми еңбектері енді өнді­ріс­ке қосы­ла­тынын, әрине, мақ­тан­ тұтады.

Осылайша, ҚР Білім және ғылым министр­лі­гі мен Бүкіләлемдік Банк бас­та­­ма­сы­мен жүзеге асырылып жатқан «Тех­но­логия­лар­дың­ коммерциялануы» жобасы аясында жаңа өндіріс іске қосылмақ.

И. Иргибаева,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button