Қала мен Сала

Жаңа оқу жылының жаңалығы не?

Қазақстанда педагогтардың республикалық тамыз конференциясы 19-тамызға дейін жалғасты және дәл осы күні форумның қорытынды пленарлық отырысы өткізілді.

[smartslider3 slider=3804]

Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

«Тамыз конференциясының мақсаты – педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалады. Шараға жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен презентациялар өткізеді» деді Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

 Тамыз конференциясында сөз алған ҚР Оқу-ағарту ­министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы жаңалықтарды жария етті.

Қазақ тілінде оқытатын 1 сыныптарда балалар тек қазақ тілінде білім алады. Әрі қарай 2 сыныпта орыс, 3 сыныпта ағылшын тілдері қосылатын болады. Ал, орыс тілінде оқитын 1 сынып оқушылары үшін қазақ, орыс тілдері оқытылады, ағылшын тілін 3 сыныптан бастап оқиды.

Үш  ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді.  Бұл оқу жылының созылуы және оқу жүктемесінің қысқаруы есебінен жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда «1 топта 2 тәрбиеші» қанатқақты жобасы енгізіледі.

Колледждерге академиялық дербестік беріліп, мемлекеттік тапсырыс кәсіпорындарға орналастырылды.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button