Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?
Жаңа оқу жылы қарсаңында Астанадағы білім беру нысандарына тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әсіресе мемлекеттік білім беру нысандарына, яғни мектеп, колледж, балабақша ғимараттарының қауіпсіздігі мен биыл жүргізілген құрылыс жұмыстарына, санитарлық жағдайларына назар аударылуда.
Білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп жатқандар 5 аудан әкімдігінің, Төтенше жағдай департаменті, Полиция департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Білім басқармасының мамандары.
Жалпы, тексеріс барлық білім беру нысандарын қабылдау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ спорт ғимараттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне байланысты жүргізіледі.
Бұл жұмыстар алдағы 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.