ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЖАҢА ПОЧТА БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

қазпочта

Астанадағы «Дияр» сауда орталығында жаңа №21 почталық байланыс бөлімшесі ашылды.

Жаңа өндірістік нысан – №21 почталық байланыс бөлімшесі «Қазпочта» АҚ фирмалық стиліндегі эргономикасы мен дизайнына сәйкес безендірілген.

Почта байланысының жаңа бөлімше­сінде клиенттер почта қызметінің толық тізімін қолдана алады: хат, сәлемдеме немесе бандероль жіберу, мерзімді баспасөз басылымдарына қолхат рәсімдеу, сонымен қатар коммуналдық төлемдер, салық төлемдерін жүргізу, ақшалай аударымдар, зейнетақы және жәрдемақы алу, банк және депозит шоттарын ашу, төлемдер қабылдау.

«Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, Астана­дағы басқа бөлімшелер сияқты №21 бөлімшеде де клиенттерге кең тізбеде сапалық қызмет көрсету үшін барлық керекті жағдайдың бәрі жасалған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button