Жаңалықтар
Жаңа пойыз жолға шығады
22 тамыз күні «Астана-Атырау» бағыты бойынша №19/20 «Атырау» жүрдек пойызы жолға шығады.
Жаңа пойыз төрт күнде бір рет қатынайды. Астанадан Атырауға дейін жол ұзақтығы – 22 сағат 57 минут, ал Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минут. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады. Жолаушы вагондарынан бөлек, «Гранд» , «Бизнес» және «Турист» санатындағы арнайы орындар қарастырылған. Вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе бар.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ