Жаңа саябақ ашылды
Астананың Алматы ауданында бұған дейін тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланған бос жерде жаңа саябақ пайда болды.
Аумақта заманауи шағын сәулет құрылыстары мен жарықтандыру тіректері орнатылып, тас төсеу, жолды асфальттау жүргізілді. Сонымен қатар кішкентай астаналықтар үшін балалар алаңы ашылды. Саябақта көгалдандыру жүргізіліп, ағаштар отырғызылды.
«Биік тұрғын үй кешенінің орнына балалар алаңы бар әдемі алаң пайда болды, онда таңғы сағат 10-нан бастап балалар өз уақытын белсенді өткізеді. Бұл – ұзақ еңбектің нәтижесі, ең бастысы, мұндай орындар көбейіп келеді. Өткен жылы қоғамдық тыңдаулар болды. Тұрғындардың белсенді қатысуымен алаң және басқа да әлеуметтік нысандар пайда болды» деді мәслихат депутаты Владислав Сергеев.
Іс-шара аясында Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы, мәслихат депутаты Владислав Сергеев жергілікті тұрғындармен бірлесіп ағаш отырғызды. Балалардың көңілін көтеру үшін аниматорлар шақырылды.
«Бұл жерді ұзақ күттік, біз үшін әділдік орнады. Біз бұл жер теңестіріледі деп үміттенген едік, бірақ әкімдік пен белсенді тұрғындарымыздың арқасында мұнда сквер пайда болды. Балаларымыз осының куәсі болды. Менің ойымша, енді олар осы алаңға өз бетінше қарап, қадағалайды, бұл – жас ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі» деп бөлісті жергілікті тұрғын Ернұр Сәбикенұлы.
Енді бұл жоба ауданның ересектері мен кішкентай тұрғындарының бос уақытын жақсы өткізуге мүмкіндік береді.