Жаңалықтар

Жаңа шамдар сынақтан өтуде

Қуат көзін үнемдей отырып, көшеге жарық беру технологияларын пайдалану жобасының бастамашылары Астана қаласында бірден үш жарықтандыру жүйесін сынақтан өткізгелі отыр. Сараптамаға қаланың үш көшесі – Алматы, №30 және Сарайшық көшелері түседі.

Алматы көшесіне жарық диодты жарықтандыру жүйесі орнатылды. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, бұл электр шығынын 60-70 пайыз төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба менеджері Б.Дәуітовтің айтуынша, №30 көшеге орнатылған топтап бөлек жағу жүйесін әзірлеушілер Италия, Германия және Францияның тәжірибесіне сүйеніпті. Бұл жүйе тәуліктің қай мезгілі болса да, көшедегі жарық деңгейін реттеуге мүмкіндік береді. Ал Сарайшық көшесіне орнатылған шамдарды жеке жағу жүйесі интернет арқылы әрбір шамның жұмысы мен қалыпты жағдайын қадағалап отыруға жағдай жасайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button