ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Жаңа станция салынады

Елордада сорғы-сүзу станциясының құрылысы басталды. Бұл станция қаланың құрылыс аудандарын ауызсумен қамтамасыз етуге, сумен жабдықтаудың қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бас қала ­басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Ауқымды жобалардың бірі – сорғы-сүзу станциясының (ССС) құрылысына кірістік. ССС-3 Алматы ауданында салынып жатыр. Қаланы аралау кезінде құрылыс жұмыс­тарының барысымен таныс­тым. Сорғы-сүзу станциясы қаланың болашақ құрылыс аудандарын ауызсумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір біз тәулігіне 290 мың текше метр су тұтынамыз. Жаңа жобаның қуаттылығы – тәулігіне 105 мың текше метр» деді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта жер қазу жұмысы аяқталды. Жоспар бойынша, нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Бұл – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды стратегиялық нысан. «Бұдан басқа, жаңа үйлер мен болашақ құрылыс аудандарын жылумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін №3 жылу электр орталығының (1-кезек, жылумен жабдықтау), №2 кәріздік-тазарту нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр» деп түсіндірді А.Көлгінов.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button