Мәслихат

Жаңа төраға сайланды

Кеше Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Бос лауазымға депутаттар тарапынан бір ғана ұсыныс түсті. Сессия қорытындысында «Аманат» партиясының мүшесі, «Астана Су Арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабденнің кандидатурасы мәс­лихат төрағалығына ұсынылды. Дауысқа салу нәтижесінде барлық депутат бірауыздан қолдады. Мәслихаттың бұрынғы төрағасы Ерлан ­Каналимовтың өкілеттілігі өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Ол 1974 жылдың 3 қазанында Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жантілек ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін (1998 ж.), «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша; М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2002 ж.), «Құқықтану» мамандығы бойынша; М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (2002 ж.), «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы 3 қаңтарда «Целинстрой» ЖШС-інде жабдықтау инженері болып бастаған. Әр жылдары «Қарағанды Жылу» ЖШС БЭ БПП бастығының орынбасары, «Қар МұнайТрейдинг» ЖШС директоры, «Қарағанды Су» ЖШС атқарушы директоры, «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жабдықтау бөлімінің бастығы, «Арыстан «BuildingCompany» ЖШС, «Трансстройгрупп» ЖШС директоры, «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бүгінге дейін – Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры болып жұмыс істейді. «Ерен Еңбегi үшiн» медалімен (2015 ж.), «Құрмет» орденімен (2022 ж.) марапатталған. 2023 жылғы 29 наурыз­да Астана қаласының мәслихатының депутаты болып сайланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button