Жаңалықтар

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ПАРТБИЛЕТ ТАБЫСТАДЫ

_AAA3567

Кеше 15 жылдықты мерекелеу қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бірнеше адамды партия қата­рына салтанатты түрде қабылдап, жаңа үлгідегі партия билетін табыс етті.

Олардың ішінде Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасы Бейсенғали Тәжияқов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  Call орталығының бас маманы (1 топтағы мүгедек) Кристина Романова, Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орта­лығының төрайымы Асылы Осман, М.Өскенбаев атындағы Маң­ғыстау облыстық филар­­мониясының әншісі Аида Байгелова, талдықорғандық ауыл шаруашылығы  ұстасы, интернационалист-жауынгер Асхат Қасенов, №6 Хромтау гим­назиясының  бейнелеу өнері мен сызу пәнінің мұғалімі Абзал Құрманов, «Казхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты №1 ферроқорытпа пеші цехының көрікшісі Алтынбек Асанов, Теміртаудағы Әлия Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, дзюдодан спорт шебері  Анна Старченко бар.

Жаңа үлгідегі партбилет пластикалық карточка іспеттес. Бет жағында партия билетінің нөмірі, аты-жөні және партияға кірген мерзімі көрсетілген. Сырт жағында партия билетінің құпия саны мен республика бойынша тегін хабарласуға болатын call-орталықтың телефоны  (597850) жазылған.

Жаңа партиялық билеттер бірыңғай элек­трондық мәліметтер базасына біріктіріледі.
Ол мәліметтерді сәйкестендіруге, мекен­жайыңды ауыстырғанда, есептілік жүргізуге ыңғайлы және партия мүшелерімен қарым-қатынас жасауға жеңіл.

«Партия төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған тарихи мәні зор «Мәңгілік ел» идея­сын жүзеге асыратын ең басты саяси күш – «Нұр Отан» екеніне көзім жетті.

Осындай алдымыздағы ұлы мақсаттарды орындауда сіздермен әрқашан бірге болу үшін халықтың сеніміне, тәуелсіздіктің тірегіне айналған «Нұр Отан» партиясына өтуге  бел байладым»  деді партия қатарына өткен  Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман.

«Егер, еліміздің ең басты байлығы – біздің көпұлтты үйіміздегі бейбітшілік пен келісім екенін айтатын болсақ, онда сол бейбітшілік пен татулығымызды сақтап, нығайтуға атсалысып жүрген ұйымдардың бірегейі – «Нұр Отан» партиясы. Сол себептен, партия қатарына кіру туралы ой туындап, үй-ішіммен ақыл­даса отырып, шешім қабылдадым» деді партия қатарына өткендердің тағы бірі – тал­ды­қорғандық Асхат Қасенов.

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығын мерекелеу қарсаңында еліміздің  басқа аймақ­тарында да партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі болып өтті.

Жайық Нағымаш

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button