Қоғам

Жаңа заңдағы өзгерістер нені көздейді?

Елімізде 2024 жылы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы ұсынылды. Заң ҚР Конституциялық сотының нормативтік қаулыларын іске асыру, оның ішінде азаматтарды әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлеріне қабылдауға мерзімсіз тыйым салуды алып тастау, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы оның құқықтық шешімдеріне сәйкес келтіру және құқық қорғау, әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар жүйесіндегі кадр мәселелері бойынша тәсілдерді жетілдіру мақсатында әзірленген. Осы заңдағы өзгерістер туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат ҚАДЫРБЕК айтып берді.

– Мұрат Болатұлы, атал­ған заңның міндеттері неде? Нақты қандай салаларға ­өзгерістер енгізілді?

– Бұл заңның міндеттері – тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын мемлекеттік қызметке кіруді шектеу мерзімдерін, олардың салдарының мөлшерлестігін айқындау. Сондай-ақ құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердегі басшы лауазымдарды іріктеуді жетілдіру және оларды жасақтау сапасын арттыру, арнаулы, әскери атағын немесе жоғары басшы құрам мен басқаларының сыныптық шенін төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану тәртібін реттеуді көздейді. Түзетулер 8 заңға, оның ішінде «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» заңдарға енгізіледі.

Заңның қабылдануы әділдік, пропорционалдылық және өлшемдестік талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік қызметке кіруді шектеу мерзімдерін айқындауға, құқық қорғау органдарында кадрлық үрдістерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуге, олардағы басшылық лауазымдарды ротациялаудың бірыңғай тәртібін белгілеуге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді

– Аталған міндеттер бо­йынша енгізілген түзетулер қандай?

– Заңның жоғарыда атал­ған міндеттерін ескере отырып, енгізілген түзетулерді екі блокқа бөлуге болады. Бірінші блокқа мыналарды белгілейтін түзетулер кіреді: ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған, тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдарға мемлекеттік қызметке қабылдау кезіндегі шектеулер мерзімдері. Сонымен қатар кәсіби жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеу жөніндегі өкілетін тоқтатқан судьяларға қандай да бір уақытша шектеу­сіз мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек бостандығына конституциялық құқықты іске асыру. Оған қоса, қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде қызметте болмағаны үшін әскери қызметтен босатылған адамдардың әскери қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды алып тастау. Конституцияның 4-бабының 3-тармағына сәйкес, ратификацияланған халықаралық шарттардың ұлттық заңнамадан басымдығы туралы нормалар. Ал түзетулердің екінші блогына Президенттік және кадр резервтерін жою, сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау, цифрлық рейтингті енгізу (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші), жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін жоспардан тыс ­аттестаттауды және полиграфологиялық зерт­теуді енгізу, аттестаттаудың қосымша кезеңі ретінде психологиялық-әлеуметтік зерттеуді қосу, ҚР Президентінің кезектен тыс аттестаттау кезеңдерін айқындауы, әдеп нормаларын және басқаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту ­жатады.

– Заң қандай негізгі ережелер мен новеллаларды қамтиды?

Жоспарлы негізде 5 жылда 1 рет жүзеге асырылатын құқық қорғау органында басшы лауазымды атқаратын қызметкерлерді ротациялау мерзімі 3 жылда 1 рет өткізу мерзіміне өзгертіледі. Қыз­меткерді құқық қорғау органдарында жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау және полиграфологиялық зерттеу енгізіледі

– Осы заң арқылы құқық қорғау қызметінде цифрлық рейтинг (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші) енгізіледі. Құқық қорғау қызметіне кандидаттың цифрлық рейтингі қызметкерлерді іріктеу және құқық қорғау органдарында басшы лауазымдарға ұсыну кезінде ескеріледі. «Құқық қорғау қызметі туралы» заңынан құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резерві, құқық қорғау органының кадрлық резерві, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін бағалау туралы нормалар алынып тасталады. Аталған институттарды жою Мемлекет басшысының Президенттік және кадрлық резервтерді басшылық ла­уазымдарға кандидаттардың цифрлық рейтингіне ауыстыру туралы тапсырмасымен негізделеді. Қолданыстағы заң бойынша жоспарлы негізде 5 жылда 1 рет жүзеге асырылатын құқық қорғау органында басшы лауазымды атқаратын қызметкерлерді ротациялау мерзімі 3 жылда 1 рет өткізу мерзіміне өзгертіледі. Қызметкерді құқық қорғау органдарында жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау және полиграфологиялық зерттеу енгізіледі. Құқық қорғау органының қызметкерін ­аттестаттаудың міндетті кезеңі ретінде психология­лық-әлеуметтік зерттеу жүргізу қосылады. Құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау кезеңі ретінде полиграфологиялық зерттеу енгізіледі, ол құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдау кезіндегі шектеулердің негіздері мен мерзімдері айқындалып, сондай-ақ мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері нақтыланып, тұтастай алғанда, оларды құқықтық реттеу тетіктері жетілдіріледі. Келісімшарттық қызметшіні мемлекеттік органдарға тартуға мүмкіндік бермейтін негіздер тізімі жаңа негіздермен толықтырылады. Кәсіптік жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешімнің негізінде өкілетін тоқтатқан судьяларға қандай да бір уақытша шектеусіз мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек бостандығына конституциялық құқықты іске асырудың құқықтық тетігі белгіленеді.

– Бұл заңнан қандай нә­тиже күтуге болады?

– Заңның қабылдануы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды. Тұтас­тай алғанда, заңның қабылдануы әділдік, пропорционалдылық және өлшемдестік талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік қызметке кіруді шектеу мерзімдерін айқындауға, құқық қорғау органдарында кадрлық үрдістерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуге, олардағы басшылық лауазымдарды ротациялаудың бірыңғай тәртібін белгілеуге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сұхбаттасқан

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button