ЖаңалықтарПрезидент пәрмені

ЖАҢА ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің шаңырағында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жас түлек» шығармашыл жастар клубы мүшелерінің «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға университет ректоры Ақылбек Күрішбаев, Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин қатысты.

SONY DSC

«Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлікке толы еңбегін бүгінде тек қана қазақстандықтар ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінде «Назарбаев феномені» деп үлгі етіп жүр. Өйткені, Н.Назарбаев – бүкіләлемдік деңгейде көтерілген, өзге мемлекет басшылары мойындаған, саңлақ саясаткер, ірі қайраткер» деді университет басшысы А.Күрішбаев құттықтау сөзінде.

«Отан деп соғар жүрегім» жинағына  бас-аяғы  35  жас ақын-жазушылардың төл туындылары енгізілген. Шарада оқу ордасының «Жас түлек» шығармашыл жас­тар клубының мүшелері өздерінің тырнақалды туындыларын оқыды. Жастардың сұранысына сәйкес аталмыш жыр жинақтың электронды нұсқасы жасалып, көрмеге қойылды. Сонымен қатар,  Сәулет өнері факультетінің студенттері «Отаным саған арналады» атты сурет көрмесін ұйымдастырды.

Кеш соңы «Шабыт» ұлт аспаптар оркестрі мен «Шаттық» ұлттық би ансамблінің  мерекелік концертіне ұласты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button