Жаңалықтар

Жаңа жоба жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық ­колледжінде «Жас маман» жобасы аясында жұмыс беруші кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен жаңа техникалар және оқу құралдарымен жабдықталған бөлмелерді таныс­тыру рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=1073]

2020 жылы оқу орнына республикалық бюджеттен 200 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген еді. Міне, сол қаржыны игеру мақсатында шетелдерден заманауи оқу құралдары мен техникалар сатып алынып, колледжде бірнеше шеберхана ашылды.

– «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты – еліміздегі 20 оқу орны мен 180 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымын материалдық-техникалық жағынан нығайту, оларды барынша шетелдік оқу орындарымен теңестіру. Осыған байланысты біз Франция, Польша, Ресей, Германия сияқты елдермен тығыз байланыс орнаттық, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі кәсіптік-техникалық колледжі директорының орынбасары Омарбек Тілеубаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button