Жаңалықтар

Жаңа жобалар қолдау тапты

Инвестициялар мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде бірқатар маңыз­ды жобалар қолдау тапты. Әрбір жоба инвестициялармен бірге жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін болады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында былай деп жазды: «Маңызды жобалардың қатарында сүт өнімдерін өндіретін цехтың, бетон, электр қозғалтқыштарын шығаратын зауыттың, көкөніс қоймаларының, бірқатар жекеменшік балабақшаның, мектептердің, медициналық орталықтардың құрылысы және т. б. бар.
Мысалы, ауыл шаруа­шылығы техникасының сервистік орталығын салу қалада жекелеген бөлшектер мен техника корпустарын жинап қана қоймай, сынған жағдайда шет елде емес, өзімізде өңдеуге мүмкіндік береді. Сынған техниканы тасымалдап, уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Инвестициялық кеңесте қолдау көрсетілген жобалар экономиканың көптеген салаларында қолданылады. Оларды үй, жол және басқа да бірқатар әлеуметтік нысан салғанда, сондай-ақ азық-түлік тауарлары қорын қалыптастыру барысында едәуір көмек көрсетпек. Әрбір жоба инвестициялармен бірге жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Инвесторларға ел басшылығының тапсырмасына сәйкес қолайлы жағдай жасап, инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмыс атқарамыз. Әр инвестормен жеке жұмыстанамыз».

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button