БілімҚала мен Сала

ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Лед

«Астана – жаңа қала» АЭА «Led System Media» компаниясының аумағында «ЭКСПО-2017» аясында Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін жасау» жөніндегі ғылыми-техникалық бағдар­ламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың таныстырылымы өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын бұл жобаларды «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі жүзеге асыруда. Осылайша, қазақстандық ғалымдар жаңа инновациялық жобаларды әзірлеумен айналыса бастады. Мамандардың мәлімдеуінше, бұл жаңа, экологиялық таза және жаңартылатын энергия көздерін алуға мүмкіндік береді.

Аталмыш шара барысында жаңғырмалы және баламалы энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, сондай-ақ голография саласында мультимедияны тарту арқылы макеттер мен қолданыстағы қондырғылар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл ретте көрмеге қа­тысушылар күн, жел және сутегі энергетикасы бойын­ша, сонымен бірге геотермальдық сулар бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысуға мүмкіндік алды. Аталмыш жобалардың ерекшелігі: олар қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге тұрғындардың өмір сүру сапасын да арттырады. Жобалардың барлығы «ЭКСПО-2017» көрмесінде көпшілік назарына ұсынылады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button